Украинадан Молдаваға өздері жеткен Қазақстан азаматтарын елге қайтару мәселесі шешіліп жатыр. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Молдовадағы жағдай келсек. Бүгін елшілік ондағы азаматтарға көлік ұйымдастырды. Қазіргі уақытта Румынияның бас консулдығынан транзиттік виза алу үшін Қазақстан азаматтарын Кагул қаласына жеткізу жағы жоспарланып жатыр. Виза алғаннан кейін Румыния арқылы шекарадан шығарылады. Шекарадан өткеннен кейін шаруаға Бухарест қаласындағы Қазақстанның елшілігі кіріседі. Сол арқылы Ыстанбұлға одан әрі азаматтарымызды елге жеткізу ұйымдастырылады», - Смадияров министрлікте өткен брифингте.
Айта кетейік, бүгін Сыртқы істер министрлігінде Украинадағы қазақстандықтарды елге қайтаруды ұйымдастыру барысына арналған шұғыл брифинг өтті.