18 нау, 2022 сағат 18:36

Украинадан дәрі-дәрмек жеткізуде мәселе туындады - ДСМ

Фото: elements.envato.com

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Украинадан Қазақстанға дәрі-дәрмек жеткізудегі проблемалар туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы бүгінде Еуропа, Ресей және Беларусь елдерінен Қазақстанға дәрі-дәрмек жеткізуде еш қиындық жоқ екенін айтты. Оның айтуынша, барлық жеткізуші тауарды шарт міндеттемелеріне сәйкес жеткізуге міндеттеледі.

"Бүгінде проблема Украинаға қатысты. Бұл ретте Украинадан дәрі-дәрмектің 25 түрін ғана сатып аламыз, олар жеткізілді, бұл 40 пайыз. Алдағы уақытта жеткізу мәселесі бар, бұл мәселені заңнама аясында қарастырамыз", - деді Ажар Ғиният Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында.

Бұл ретте денсаулық сақтау министрі Қазақстанға дәрі-дәрмектің басым бөлігі Еуропадан жеткізілетінін, ал 10 пайызға жуығы Ресей, Беларусь және Украинадан жеткізілетінін нақтылады. Сондай-ақ, ол бүгінде елімізде барлық қажетті дәрі-дәрмектің екі айлық қоры бар екенін айтты.