Қазақстандықтарды Украинадан эвакуациялау аяқталды. Бұл туралы Қазақстан елшілігінің баспасөз қызметі хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Қазақстанның Украинадағы елшілігі мәліметінше, 28 наурыздағы жағдай бойынша Катовицеден жеті рейс жасалған.
"Украинадан 900 қазақстандық эвакуацияланды, оның 743-і Қазақстанға қайтты. Қазіргі уақытта азаматтарды ұшақпен эвакуациялау аяқталды. Жабық елді мекендерде қалып қойған және көрсетілген рейстермен Украинадан шыға алмаған азаматтардың өтініші жеке тәртіпте қаралады", - делінген хабарламада.