25 ақп, 2022 сағат 01:14

Украинадағы қазақстандықтар Польша арқылы елге жеткізілмек


Қазақстан Украинадағы азаматтарын репатриация рейсі арқылы елге жеткізбек. Бұл туралы Қазақстанның Украинадағы Елшілігі телеграм каналында хабарлады.

«2022 жылдың 25-26 ақпанында «Air Astana» әуе компаниясы Қазақстанның азаматтары үшін репатриация рейсін жүзеге асыруды жоспарлауда.

Аталған рейс Катовице қаласынан (Польша) жүзеге асырылады. Қазақстан азаматтары үшін Украина-Польша шекарасынан әуежайға дейін визасыз «жасыл дәліз» қамтамасыз етіледі.

Азаматтардан мүмкіндігінше ертең Львов қаласына келулерін сұраймыз. Қабылдау пункті - Замкнена көшесі, 3/1 мекенжайы бойынша Қазақстан Республикасының Құрметті консулдығы болып табылады, тел. +38 (032) 240-36-70, +38 (067) 989-28-19

Қосымша ақпарат алу үшін «Air Astana» өкілдеріне келесі телефондар арқылы хабарласыңыз: +38 (050) 051-11-17, +38 (050) 981-54-49» - делінген хабарламада.