10 нау, 2022 сағат 10:03

Украинадағы қазақстандықтар отырған төртінші репатриациялық рейс елге келді


Қазақстан азаматтарымен төртінші репатриациялық рейс Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 04:57-де Нұр-Сұлтан қаласына қонды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазақстан азаматтарымен төртінші репатриациялық рейс Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 04:57-де Нұр-Сұлтан қаласына қонды. Бортта 155 жолаушы бар», - делінген комитет хабарламасында.

Еске салсақ, кеше түнде Польшадан Украинадағы қазақстандықтар мінген төртінші рейс ұшып шықты.

Сыртқы істер министрлігі таратқан мәліметке сенсек, 9 наурызда Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 23:05-те Катовице қаласынан (Польша) Қазақстанға Украинадан эвакуацияланған ҚР азаматтарымен төртінші репатриациялық рейс ұшқан.