28 ақп, 2022 сағат 13:35

Украинадағы 241 қазақстандық Польша шекарасынан өтіп, елге қайтуға дайын отыр


Украинадан Польшаға қарай өткен 241 қазақстандық елге қайтуға дайын. Шекарада қалғандар үшін тағы бір рейс жіберіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап.

ҚР СІМ баспасөз қызметінің басшысы Ерлан Жетібаевтың хабарлауынша, қазіргі уақытта Украина-Польша шекарасынан 241 адам өтті. 

«Шекарадан барлығы 4 автобус өтті. Тағы 99 адам шекарада тексеруді күтіп отыр. Репатриациялық рейс жасайтын ұшақ бүгін сағат 10:00-де Атыраудан ұшып шықты. Катовицеден қайтатын рейс 15:30-ға жоспарланған. Репатриациялық рейс сағат 21:00-де жанармай құю үшін Атырауға техникалық түрде қонады, ал Алматыға сағат 00:30-да келеді деп күтілуде. Борт 174 жолаушыға арналған, қалған жолаушылар үшін, оның ішінде шекарада күтіп отырғандарға тағы бір рейс жіберіледі», - деді Жетібаев. 

Сонымен бірге, жүк көліктері жағдайы бойынша: Харьков қаласынан Белгород қаласына қарай 8 ауыр жүк көлігі Украина-Ресей шекарасынан өткелі тұр. 

Оның ішінде 4 Қазақстан азаматы, 8 Ресей азаматы бар.