Фото ©REUTERS
Сыртқы істер министрлігі Украинада әлі қанша қазақстандық бар екенін жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бүгінде дипломаттар 822 қазақстандықтың Украинадан кетуіне көмектескен, оның ішінде 726 адам Польшаға, қалғандары Молдова, Румыния, Венгрия және Словакияға кеткен.
"Харьковтағы эвакуациялау пунктінде үш отандасымыз бар. Сумы қаласында тұрақты байланыс орнатылған бір азамат бар. Қазақстанның Украинадағы елшілігі мәліметінше, Мариупольдегі қазақстандықтардың жалпы саны - 18 адам. Электр қуатының үзілуіне және телефон байланысына қатысты олармен хабарласу мүмкін емес", - делінген хабарламада.