10 нау, 2022 сағат 00:36

Украинада қалған 155 адам мінген төртінші ұшақ Қазақстанға ұшып шықты


Польшадан Украинадағы қазақстандықтар мінген төртінші рейс ұшып шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сыртқы істер министрлігі таратқан мәліметке сенсек, 9 наурызда Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 23:05-те Катовице қаласынан (Польша) Қазақстанға Украинадан эвакуацияланған ҚР азаматтарымен төртінші репатриациялық рейс ұшқан. 

Ұшақ Нұр-Сұлтан қаласына қонады деп күтіліп отыр. 

Ұшақта 155 жолаушы, оның ішінде 7 сәби бар. 

Бұған дейінгі үшінші рейс те Нұр-Сұлтанға қонған болатын.