Ұлыбританияның "Financial Times" басылымы Украина президенті Владимир Зеленскийді "Жыл адамы" деп атады.
Басылым Зеленскийді "украин халқының Ресей агрессиясына қарсы күресіндегі ерлігі мен төзімділігінің бейнесі" деп санайды. Сондай-ақ "Financial Times" Украина президентін "авторитаризммен күрестегі демократиялық әлемнің флагманы" деп сипаттаған.
Биыл 24 ақпанда Ресей күшпен басып кіргенде Киевтен қашып кетпеген Зеленский "Мен - батыр емеспін, бірақ халық алдында жауаптымын. Адамды сатып кеткенді жек көремін" деп түсіндірген.
2021 жылы "Financial Times" басылымы миллиардер, Tesla және SpaceX компанияларының жетекшісі Илон Маскті "Жыл адамы" деп атаған.