ҰҚК заңсыз қолма-қол ақшаға айналдыру арнасының жолы кесілгені туралы хабарлады, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
"2022 жылдың шілде айында Ұлттық қауіпсіздік комитеті кәсіпкерлік субьектілеріне заңсыз жолмен 135 миллиард теңге сомасындағы қаражатты қолма-қол ақшаға айналдыру және салық төлеуден жалтаруға ұзақ уақыт бойы көмектесіп келген адамдарға қатысты ауқымды қылмыстық істі тергеуді аяқтады.
Заңға қайшы іс-әрекетке 300 адам, оның ішінде шетелдік азаматтар бар және 500 жуық жалған компаниялар мен 5 мың контрагенттер тартылған болып шықты", - делінген ведомство сайтында.
5 желтоқсанда Қарағанды қаласы Қазыбек би аудандық соты осы іске қатысы бар 20 фигурантты ҚР ҚК-ның 216-бабы 3-тармағы және 28-245-бабы 3-тармағы бойынша кінәлі деп танып, әр-түрлі жаза мерзімдеріне соттаған.
"Осы қылмысты тергеудің тәжірибесі Қазақстан Республикасындағы көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл бойынша жұмыстың алгоритмін жасап шығаруға мүмкіндік берді.
Жалпы алғанда, Ұлттық қауіпсіздік комитеті қолданған шаралар оң әсер етіп, еліміздегі қаржыны заңсыз қолма-қол ақшаға айналдыру деңгейін төмендетуге жағдай жасады. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасып жатыр", - деді ҚР ҰҚК баспасөз қызметі өкілдері.