Фото:gov.kz
3 қаңтарда Ұлттық қауіпсіздік комитеті прокуратура органдарының үйлестіруімен және полицияның жәрдемдесуімен Қарағанды облысының тұрғынын ұстады, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ведомство мәліметінше, ол жұмыс орны бойынша және әлеуметтік желілер арқылы терроризмді насихаттады деген күдікке ілінген.
"Тергеу әрекеттері барысында заттай дәлелдемелер алынды.
Қылмыстық кодекстің 256-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр" - делінген хабарламада.
Қылмыстық-процестік кодекс 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.