22 там, 2022 сағат 19:49

ҰҚК трансұлттық қылмыстық топтың жолын кесті


Ұлттық қауіпсіздік комитеті  Қазақстан және жақын шетел азаматтарынан құралған трансұлттық қылмыстық топ әрекетінің жолын кесті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҰҚК мәліметіне қарағанда, олар 2019-2021 жылдары Ақмола облысының аумағында өкілетті органның арнайы рұқсатынсыз 233 мың тоннадан аса пайдалы қазбаларды қазып шығарып, өңдеп және өткізіп отырған.

Қылмыстық топтың заңсыз әрекетінің нәтижесінде мемлекетке 1,2 млрд теңгеден астам аса ірі көлемде залал келтірілген.

Іс сотқа жолданды.