27 мау, 2024 сағат 11:14

ҰҚК терроризмді насихаттады деген күдікке ілінген 4 азаматты ұстады


2024 жылғы 26 маусымда Түркістан облысында Ұлттық қауіпсіздік комитеті прокуратура органдарының үйлестіруімен және ІІМ-мен өзара іс-қимыл жасай отырып, терроризмді насихаттады деген күдікпен Қазақстанның 4 азаматын ұстады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Алдын ала белгілі болған деректерге сәйкес, фигуранттардың бірі ұзақ уақыт бойы шетелде тұрған, радикалды діни идеологияға сол жерде әуестенген болуы ықтимал», — делінген хабарламада.



Тінту барысында діни әдебиеттер мен өзге де заттай дәлелдемелер алынды.

Қылмыстық кодекстің 256-бабының 1 және 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.