Тараз қаласында республикалық жедел-тактикалық оқу-жаттығуы өткізілді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мемлекеттік органдардың теміржол инфрақұрылымы объектілерінде терроризм актілерінің жолын кесу бойынша өзара іс-қимыл дағдылары пысықталды.
Оқу-жаттығу ой-ниеті шеңберінде теміржол инфрақұрылымы объектілерінің терроризмге қарсы қорғалуы мен ақпараттық жүйелері киберқорғанының жай-күйі тексерілді. Арнайы мақсаттағы бөлімшелер поездың вагонында кепілдегілерді босату және террористерді бейтараптандыру бойынша операция жүргізді.
Оқу-жаттығу мақсаты мен міндеттері толық орындалды.
Қатыстырылған мемлекеттік органдардың күштері мен құралдары террористік қауіп-қатерлердің жолын кесу бойынша өзара іс-қимылдың жоғары деңгейін көрсетті.