© Photo: Pexels / Tima Miroshnichenko
Ұлттық қауіпсіздік комитеті прокуратура органдарының үйлестіруімен трафиктің және телефондық байланысулардың заңсыз өтуін ұйымдастырды деген күдікке ілінген Қазақстан азаматын ұстады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тергеу болжамы бойынша, ол шетелдік қаскүнемдерге алаяқтық әрекеттерін жүзеге асыру үшін Қазақстанға шалған қоңырауларын жасыруға мүмкіндік беретін қызмет көрсеткен.
Бұл операциялар шетелдік нөмірлерді қазақстандық нөмірге ауыстыратын арнайы құрылғыны және зиян келтіретін бағдарламалық қондырғыларды пайдалану арқылы жүзеге асырылған.
Нәтижесінде, күдікті ұлттық байланыс операторларына залал келтіре отырып, үстеме пайда алған, ал шетелдік алаяқтар оның қызметін пайдаланып, республика тұрғындарын алдаған.
Фото: ҚР ҰҚК
"Бұл дерекке қатысты Қылмыстық кодекстің 210-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпараттар жария етуге жатпайды" - делінген хабарламада.
Айта кетейік, тек соңғы 3 жылда 43 миллиард теңге сомасы шамасында залал келтірумен 59 мың интернет-алаяқтық фактілері тіркелген.