ҰҚК 10 сәуірде Қырғызстанда өлі табылған сарбаз Ұлықбек Бердішовті іздестіру жұмыстарына қатысты қосымша ақпаратты бөлісті, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Комитеттің мәліметінше, жоғалған сәттен бастап Жамбыл, Қызылорда және Алматы облыстары аумағында, оның ішінде Бердішовтың туыстарымен бірлесе үздіксіз іздеу іс-шаралары жүргізілген.
Сонымен қатар мемлекеттік шекараны ықтимал кесіп өтуін тексеру үшін Қырғызстанның шекара ведомствосы хабардар етілген.
"9 сәуірде Қырғызстан Республикасыныңшекарашылары шекара сызығынан 2 шақырым жерде қалған әскери киім үлгісінің элементтері табылғаны туралы хабарлады. 10 сәуірде ШҚ Жамбыл облысы бойынша департаментінің бастамасымен заттар табылған орынды қарау үшін шекара өкілдігімен кездесу ұйымдастырылып, оның барысында Бердішовтың мәйіті табылды", - делінген хабарламада.
Осы факт бойынша Қырғыз Республикасы Шу облысы Панфилов ауданының АІІБ тергеу іс-шараларын бастаған. Алдын ала диагноз: механикалық асфиксия, зорлық-зомбылық әрекет белгілері жоқ.
"11 сәуірде Шекара қызметі мәйітті ата-анасының тұрғылықты жері бойынша Қызылорда облысына жеткізуді ұйымдастырды.
Ұлттық қауіпсіздік органдарының басшылығы мен жеке құрамы Бердішовтың туғандары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады. Қазіргі уақытта Шекара қызметі оларға барлық жағынан, оның ішінде жерлеу іс-шараларын ұйымдастыру бойынша қажетті қолдау көрсетіп жатыр", - делінген хабарламада.
801 рет оқылды