18 шіл, 2022 сағат 10:53

ҰҚК экс-басшылығына қатысты іс: Гонконг пен БАӘ-ден 3 миллион доллар қайтарылды


Экономикалық ресурстардың заңсыз шоғырлануына қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия ҰҚК экс-басшылары мен қызметкерлеріне қатысты іс бойынша мән-жайды айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшылары мен қызметкерлеріне қатысты іс бойынша Гонконг пен БАӘ-ден шамамен 3 миллион доллар қайтарылды", - деді комиссия өкілдері.

Наурызда Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі Кәрім Мәсімовтің ісі бойынша мән-жайды жариялаған болатын. Сол кезде ведомство өкілдері ҰҚК бұрынғы басшысының әрекеттерінде сыбайлас жемқорлық әрекеттерінің көптеген белгілері анықталғанын атап өткен еді. Жылжымайтын мүлік пен басқа мүліктің суреттері жарияланды.