30 қаң, 2019 сағат 13:26

Үкіметте «7-20-25» бағдарламасының алғашқы нәтижелері баяндалды

Бүгін Үкіметтің кеңейтілген құрамдағы отырысында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ерболат Досаев «7-20-25» ипотекалық бағдарламасы бойынша 3,6 мың несие берілгенін мәлім етті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«2018 жылдың 1 шілдесінен «7-20-25» ипотекалық бағдарламасы басталды. Бүгінде 43, 7 млрд теңге сомасына 3 600 несие берілді. Жалпы 92 млрд теңгеден астам мөлшерде өтінімдер келіп түсті», - деп нақтылады Премьер-Министр орынбасары.

Еске салайық, Астанада ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген құрамдағы отырысы өтіп жатыр.