Қаржы министрлігі ҚР Үкіметінің атынан 1150 млн еуро сомасында еурооблигациялар шығарды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Еуроблигациялар екі траншпен шығарылды. Біріншісі - айналым мерзімі 7 жыл және 0,6 пайыз купон мөлшерлемесімен номиналдық құны 500 млн еуро сомасында, Екіншісі - айналым мерзімі 15 жыл және 1,5 пайыз купон мөлшерлемесімен номиналдық құны 650 млн еуро сомасында.
Қазақстанның еурооблигациялар бойынша қарыз алу құны республика үшін, сондай-ақ жалпы ТМД аймағында рекордтық төмен деңгейде қалыптасты. Мысалы, 7 жылдық еурооблигация бойынша купон 0,6 пайыз деңгейінде болып, BBB рейтингі категориясындағы дамушы елдер ішіндегі мемлекеттермен бұрын қалыптастырылған тарихи төмен купондық мөлшерлеме болып табылады.
Сонымен қатар, екі транштың кірістілігі Қазақстан Республикасының еуро валютасындағы ағымдағы қисық сызығына теріс сыйақыны білдіріп, кредиттік рейтингі жоғары дамыған бірқатар басқа дамушы елдердің қатарына кіреді, бұл Қазақстанда халықаралық инвесторлардың жоғары сенімі мен қызығушылығының бар екенін растайды.
15-жылдық айналым мерзімімен транш ТМД аймағында бұрын эмитенттермен шығарылған еурода деноминацияланған ең ұзақ шығарылым болды.
Бұл мәміле Қазақстан Республикасына дәстүрлі түрде еуроға бағытталған инвесторларды тарту арқылы инвесторлық базасын диверсификациялауға мүмкіндік берді. 15-жылдық айналым мерзімімен транш шығарылымы арқылы Қазақстан еурода табыстылық қисығын ұзартып, халықаралық капитал нарығында өз беделін нығайтты.
Шығарылымның алдында Лондонда қаржы, ұлттық экономика министрліктері, Ұлттық банк және «Астана» халықаралық қаржы орталығы өкілдерінен тұратын делегациясының 2-күндік роуд-шоуы болды.
25 қыркүйекте прайсинг болып, оның нәтижесінде 110 сапалы инвестордың қатысуымен 2,8 млрд еуроны құрайтын өтінімдер кітабы қалыптасты. Еурооблигациялар Лондон қор биржасында және «Астана» халықаралық қаржы орталығының биржасында орналастырылған.
Бұл ретте «Астана» халықаралық қаржы орталығының биржасында еурооблигацияларды орналастырудың жалпы сомасынан 17 пайызды құрайтын 192 млн еуро жалпы сомадағы екі транш орналасқан.
Мәміленің халықаралық ұйымдастырушылары, бірлескен лид-менеджерлер мен букраннерлер ретінде Citi және Societe Generale, бірлескен лид-менеджерлер ретінде - UBS және қазақстандық ұйымдастырушы – «First Heartland Securities» (FHS) болды.