Үкімет басшысының бірінші орынбасары Әлихан Смайылов Мәжіліс депутаттарының сауалына берген жауабында Ұлттық қордың қалдығын ЖІӨ-мен байланысты белгілеудің себебін түсіндірді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Премьер-Министрдің бірінші орынбасары өз жауабында Президент тапсырмасы бойынша 2021 жылдан бастап Ұлттық қордан алынатын трансферт әлеуметтік және инфрақұрылымдық дамуды қамтамасыз ету үшін ғана жұмсалатын алға тартады. Ұлттық қордың трансферттерін дағдарыс кезінде пайдаланудың Тұжырымдамасы бойынша ғана мына шаруаларға ғана жұмсалмақ:
- экономиканың құлдырауы немесе экономиканың өсу қарқынының баяулауы кезеңдерінде дағдарысқа қарсы бағдарламаларды;
- ұлттық ауқымдағы өзін-өзі ақтамайтын әлеуметтік маңызы бар жобаларды, стратегиялық маңызы бар инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландырудың балама көздері болмаған кезде оларды қаржыландыру үшін бөлінеді.
«2021 жылға көзделген нысаналы трансферттер денсаулық сақтау, білім беру, экология, елдің бәсекеге қабілеттілігін арттыру, макроэкономикалық басқару және басқа да салалардағы жобаларды іске асыруға бағытталған. Осылайша, қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерде нысаналы трансферттермен қаржыландыру параметрлері регламенттелген», - деген Премьер-Министрдің бірінші орынбасары есепті Ұлттық қордың төмендемейтін қалдығын қаржы жылындағы инвестициялық кірістің кемінде 70%-ы мөлшерінде айқындау туралы ұсынысты орынсыз деп бағалаған.
«Ұлттық қор қаражатының төмендетілмейтін қалдығы бойынша тиісті жылдың соңындағы ЖІӨ-нің болжамды мәнінің 30%-ы мөлшерінде қолданыстағы шектеуді, сондай-ақ мұнайға кесімді бағаға байланыстырылған кепілдендірілген трансферттің көлемі бойынша 2023 жылдан басталатын шектеуді ескере отырып, Ұлттық қордың инвестициялық кірісінің деңгейіне қарай трансферттер көлеміне қосымша шектеу белгілеу орынсыз. Өткені қаржы нарықтарының болжанбауына байланысты кірістіліктің ауытқуы, ал жекелеген жылдары тіпті теріс болуы мүмкін. Сонымен қатар, бір параметр үшін бірнеше шектеу белгілеу тиімді шара болып саналмайды», - деп жазылған Әлихан Смайыловтың депутаттарға берген жауабында.
Мұның себебін Үкімет өкілі кейін кейбір кезеңдерде белгіленген шектеулер бір-біріне қайшы келу ықтималдығымен байланыстырады.
«Ұлттық қордың Тұжырымдамасында:
- 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап әлеуметтік және инфрақұрылымдық дамуды қамтамасыз ету үшін кепілдендірілген трансферттің нысаналы сипатын белгілеу;
- Ұлттық қордың жинақтау функциясының орындалуын қамтамасыз ету үшін 2023 жылдан бастап мемлекеттік шығыстарға шектеулерді белгілеу бөлігінде бюджеттік қағидаларды күшейту;
- бюджеттің мұнайға қатысты емес тапшылығын 2021 жылғы ЖІӨ-ге қатысты 9,1%-дан 2025 жылы ЖІӨ-ге қатысты 6,0%-ға дейін біртіндеп төмендету;
- 2022 жылдың соңына дейін Ұлттық қордың активтерін консервативті бөлуден (80% облигацияларда және 20% акцияларда) активтерді теңгерімді бөлуге (60% облигациялар, 30% акциялар, 5% балама құралдар және 5% алтынға дейін) көшуді көздейтін жаңа стратегиялық бөлуге көшуді қамтамасыз ету көзделген», - деп жазылған ресми жауапта.