05 қаз, 2018 сағат 11:02

Үкімет те, әкімдер де жұмыс істемейді – Назарбаев тұрғын үй құрылысын сынға алды

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев елімізде жүзеге асып жатқан тұрғын үй құрылысы бағдарламаларын сынға алды, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Жас отбасыларға арналған бір бөлмелі пәтер қанша сұрады? Арзандатылған, Асқар (Асқар Мамин-премьер-министрдің бірінші орынбасары-авт) 50 шаршы метрлік пәтер», - деп сұрады Нұрсұлтан Назарбаев.

Асқар Мамин бұндай пәтердің 7 миллион теңге тұратынын айтты.

«Сонда 7 миллионның 20 пайызы – 1 млн 400 мың теңгемен адам ала алады ғой? 25 жылға? ... Жұмыс істемейміз. Үкімет жұмыс істемейді, Бақытжан (премьер-министр Сағынтаев-авт). Әкімдер жұмыс істемейді. Әкімдер, адамдардың өмірін жақсарту үшін сендерге не керек? Не керек? Бәрін бердік», - деді Ақордада Нұрсұлтан Назарбаев.