11 шіл, 2022 сағат 14:37

Үкімет олигарх Лаврентьевке тағы 1 млрд доллар бөлмек

Коллаж: Ulysmedia.kz

Үкімет "АгромашХолдинг KZ" АҚ жобасын қаржыландыру үшін бюджеттен $100 000 000 (55 млрд теңге) бөлмек, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Саясаттанушы Санжар Боқаевтың айтуынша, бюджеттік несие қарыз алушыға 0,1% сыйақы мөлшерлемесі бойынша 20 жылдан аспайтын мерзімге теңгемен беріледі, ал несиені өтеу 2028 жылдан басталады.

"Инфляция жылына шамамен 25% болатын елде бұл қаржы 20 жылдан кейін мүлдем ештеңе болмайды, яғни бұл ақшаны сыйға тартумен бірдей", – деді ол.

Саясаттанушы Namys партиясының ұйымдастыру комитетінің атынан Есеп комитетіне, Ұлттық экономика министрлігіне сұрау жіберіп, екінші ведомстводан жауап алған. Алайда Боқаевтың сөзінше, "жауап жалпылама, кәсіби емес".

"Бұл әрекет үлкен алаяқтық схеманы ақтап алудың амалы. Олар Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылғы 11 мамырдағы тапсырмасын сілтеп отыр. Мен бұл тапсырманы қарадым – онда өндіріс туралы сбір ауыз өз жоқ. Онда жалпы өңдеу өнеркәсібін дамыту қажеттігі туралы айтылған. Олар осыны желеу етіп  өздерінің жеке олигархиялық мүдделерін алға тартып отыр. Бұл жоба өте күмәнді", - деді ол.

Саясаттанушы Бұл жобаны қаржыландыруға болмайтын негізгі себептерді атады:

  • шығыны көп;
  • ресейлік жүк көлігі өндірушісімен ынтымақтастыққа байланысты қайталама санкциялар алу қаупі.

"Сондықтан, Смайылов мырза, мен сізге ескертемін – Үкімет 55 млрд теңгені осы шарттармен бөлуді ойға да алмасын. Егер аталған соманы бөлетін болсаңыз, біз осы жеке компанияның қайталама санкцияларға түсуі үшін халықаралық қаржы институттарына ағылшын тілінде релиз жіберуге мәжбүр боламыз, өйткені бұл 55 млрд теңге Сіздің ақшаңыз емес – бұл біздің салық төлеушілеріміздің ақшасы. Оларды жұмсайтын салалар жеткілікті – жолдарымыздың жағдайы мүшкіл, үш ауысымды мектептер де аз емес. Біз 55 млрд теңгеге 55 мектеп сала аламыз, мүгедектігі бар адамдар үшін зейнетақыны индекстей аламыз. Бюджет шығындарын, салық төлеушілердің ақшасын ақылмен жұмсайық", - деп қорытындылады Боқаев.

Айта кетейік, “АгромашХолдинг KZ” директорлар кеңесінің төрағасы – Андрей Лаврентьев.