26 қаң, 2021 сағат 11:25

Үкімет ДСҰ шектеулерін ескере отырып бизнесті қолдаудың жаңа шараларын қабылдауы тиіс - Президент

Үкімет Дүниежүзілік сауда ұйымы шектеулерін ескере отырып бизнесті қолдаудың жаңа шараларын қабылдауы қажет. Бұл туралы Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

«1 қыркүйекке дейін оффтейк келісімшарттар, яғни өнімді кепілдікпен сатып алу жүйесі арқылы өндіріс құру және кеңейту бойынша кешенді жоспарды бекітуді тапсырамын»,- деді Мемлекет басшысы. 

Қасым-Жомарт Тоқаев жергілікті өндірушілерді ынталандырудың санаттық сатып алуын және өзге де тетіктерін кеңінен қолдану бойынша жұмыс жүргізу қажеттігін баса айтты. 

«Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасына осынау процеске қатысуды өтінемін. Осы жылдың 1 қаңтарынан бастап Дүниежүзілік сауда ұйымының отандық бизнесті қолдауды шектеу бойынша қатаң талаптары күшіне енді. Үкімет пен палата аталған ұйымның талаптарын ескере отырып, жаңа шаралар қабылдауы тиіс», - деді ҚР Президенті.