ҚР премьер-министрі Әлихан Смайылов танымал журналист Батыр Қазыбаевтың отбасына көңіл айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Отандық журналистиканың дамуына зор үлес қосқан танымал тұлға Батыр Кәкімжанұлы Қазыбаевтың мезгілсіз дүниеден өтуіне байланысты марқұмның отбасы, туған-туыстары мен әріптестеріне ауыр қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамын.
Асыл азаматтың ақжарқын бейнесі еліміздің ақпарат саласындағы аса талантты медиа-менеджер ретінде қалдырған өшпес мұралары мен еңбектері арқылы есімізде мәңгі сақталады. Марқұмның иманы саламат болсын!", - деді Әлихан Смайылов.