15 қар, 2021 сағат 18:27

Үкімет басшысы жұмыс кестесімен бөлісті


ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин күнделікті жұмыс кестесімен бөлісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қай жерде болсам да үнемі спорттық формада жүремін. Ол жерде мүмкіндік болса, күнделікті спортмен айналысуға тырысамын», - деді Үкімет басшысы БАҚ өкілдерімен кездесуі барысында. 

Премьер-Министрдің атап өтуінше, күнделікті сағат 07:15-те ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың баяндамасы алдына келеді. 

«Оның баяндамасынан кейін Төтенше жағдайлар министр Ильинмен әңгімелесемін. Ол да менен ертерек келіп, ақпараттарды алады. Бұл ретте министрлерге, орынбасарларыма мұнандай уақытта кел деп шарт немесе өтініш жасаған емеспін. Әрқайсысы өз кестесіне орай келіп, жүктемесіне байланысты жұмыс істейді», - деді Асқар Мамин. 

Үкімет басшысының жұмыс кестесі өте кеш аяқталады. 

«Тәулік лезде өте шығады. Өтйкені, түрлі кездесулер мен жиындар өте көп. Бірақ, ұзаққа созылатын жиындарды ұнатпаймын. Егер байқсаңыздар, Үкімет отырыстарымыз 1 сағаттан ары созылмайды. Үкімет отырысының күнтәртібіндегі мәселелерді талқылау үшін ары кеткенде 1 сағат қана болады. Сондықтан сейсенбі күні сағат 9-дан 10-ға дейін Үкімет отырысын өткіземіз. Одан кейін әркім өз жұмысымен айналысады. Бұл әкімдер үшін де өте ыңғайлы. Олар өз кестелеріне сай жұмыс істеуге мүмкіндік алады, әріптестерімізге де ыңғайлы. Осыған орай олар өздерінің кестелерін түзей алады. Барлығы ережені біледі – 1 сағаттан аспауы тиіс, 45 минут болу. Ал егер артық әңгімесіз жылдамырақ аяқтауға мүмкіндік болса, онда тіпті жақсы. Сол себепті біздің жұмыс форматымыз осындай», - деді Асқар Мамин.