Фото: UFC
Қазақстан тумасы Рафаэль Физиев UFC-дегі кезекті жекпе-жегінде жеңіске жетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.
UFC Vegas 44 турнирінің басты жекпе-жегінде Рафаэль Физиевтің қарсыласы Жаңа Зеландиядан келген Брэд Ридделл болды. Физиев оны үшінші раундта нокаутқа түсірді.
Еске салайық, турнирдің алдын ала кардында қазақстандық файтер Жалғас Жұмағұлов өнер көрсетті, ол UFC-де алғаш рет нокаутпен жеңіліп қалды.
Рафаэль Физиев 11 жасқа дейін Қазақстанда тұрған, кейін оның отбасы Бішкекке көшіп кеткен. Ол - UFC-мен келісімшартқа отырған алғашқы Қазақстан тумасы. Айта кетейік, Физиевтің менеджері - қазақстандық Саят Абдрахманов.
Фото: UFC
1378 рет оқылды