25 мау, 2019 сағат 11:15

ҰБТ: Төрт түлек сынақтан қуылды

ҰБТ-ның бес күні ішінде төрт түлек аудиториядан шығарылып, тестілеу нәтижелері жойылған. Бұл туралы БҒМ жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры Әділет Тойбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

«Біз аудиториядан барынша шығармауға тырысамыз. Тестілеу болған күндер ішінде төрт адам өрескел тәртіп бұзғаны үшін аудиториядан қуылды. Қалғандарынан тыйым салынған заттар ғана тәркіленді» деді Тойбаев ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.

Ол ҰБТ-ға қатысқан түлектердің нәтижесі неге жойылғанын түсіндірді.

«Олардың бірі тестілеуді одан әрі жалғастырғысы келмей, ҰБТ өткізу пунктінен шығып кетті. Акт толтырылып, нәтижесі жойылды. Екіншісі өрескел тәртіпбұзушылық жасаған, бақылаушының рұқсатынсыз өз бетімен аудиториядан шығып кеткен» деді департамент директоры.