Келесі оқу жылынан бастап ІТ саласындағы мамандықтарды меңгергісі талапкерлер ҰБТ-да физика емес, информатика пәнінен тест тапсырады.
БҒМ баспасөз қызметі министрлікке жоғары оқу орындарында IT-бағыттар бойынша оқығысы келетін талапкерлер үшін ҰБТ-ның бейінді пәндер тізіміне "Информатика" пәнін енгізу жайлы көптеген өтініш келіп түсетінін атап өтті.
"Осыған байланысты министрлік талдау жүргізіп, 2022-2023 оқу жылынан бастап «Информатика мұғалімдерін даярлау», «Ақпараттық технологиялар» және «Ақпараттық қауіпсіздік» білім беру бағдарламалары топтарына түсетін оқушылар ҰБТ-да «Математика+Физика» орнына «Математика+Информатика» комбинациясын тапсырады деген шешім қабылдады", - деп мәлімдеді ведомство.
2021-2022 оқу жылында бейіндік пән «Физика» болып қала береді, бұл ретте пилот ретінде талапкерлердің таңдауы бойынша биыл осы дайындық бағыттарына (наурыздағы ҰБТ кезінде) түсу үшін «Математика +Информатика» комбинациясын таңдау опциясы қосымша қолжетімді болады.