Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаментінің лауазымды тұлғалары ел аумағында заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ҚР Қаржы министрлігінің баспасөз қызметіне сілтемемен.
2020 жылдың басынан бастап 765 заңсыз ойын мекемесінің қызметі тоқтатылды. 22 жасырын казиносы жойылып, 12 мыңнан астам ойын автоматтары заңсыз айналымнан алынды. Бұл көрсеткіштерге «Стоп-ойын» жедел-профилактикалық іс-шарасын жандандыру арқылы қол жеткізілді. Бұл бағытта жұмыстар жалғасуда.
Осылайша, ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитеті Ақмола облысы бойынша ТЖД лауазымды тұлғаларына қатысты ел аумағында (Алматы, Көкшетау, Нұр-Сұлтан, Павлодар және Қарағанды) заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.
ҚР ҚК нормаларына сәйкес, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің барысы туралы ақпарат жария етілмейді.