23 шіл, 2022 сағат 15:39

ТЖД алматылықтарға ауа райына байланысты ескерту жасады


Алматыда 24-28 шілде аралығында аптап болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"24-28 шілдеде Алматыда аптап болады, ауа температурасы 36-38 градусқа дейін жетеді", - делінген ТЖД хабарламасында. 

Ведомство өкілдері қала тұрғындары мен қонақтарын күн соққысы қаупіне байланысты серуендеуден бас тартуға шақырды.

ТЖД келесі негізгі қауіпсіздік шараларын сақтауды ұсынады:

- Тікелей күн сәулесінде мүмкіндігінше аз болуға тырысыңыз. Есіңізде болсын, 12.00-ден 16.00-ге дейін күн қатты түседі.

- Жабық киім мен күн қорғанысын қолданыңыз.

- Алкоголь ішпеңіз - аптапта оның ағзаға әсері бірнеше есе артады.

- Мүмкіндігінше сұйықтықты (салқындатылған су, минералды су) тұтынуға тырысыңыз.

- Физикалық белсенділікті азайтыңыз. Ыстықта қатты жүктеме жылу алмасуды арттырады, бұл дегидратацияға әкелуі мүмкін.

- Мүмкіндігінше автомобильмен ұзақ сапарларды шектеу керек. Егер бұл мүмкін болмаса, жолда мүмкіндігінше абай болыңыз, өйткені жылу кезінде әл-ауқат нашарлауы, назардың таралуы және реакцияның төмендеуі мүмкін.

- Балаларды аз уақытқа да тұрған көліктің салонында қалдырмаңыз.