Дін саласындағы мемлекеттік саясаттың 2017-2020 жылдарға арналған тұжырымдамасының бекітілуі дін саласына жаңа қарқын береді.
Қазақстан Тәуелсіздік алған жылдардан бері мемлекеттік–конфессиялық қатынастарда зайырлылық моделін ұстана отырып дамуда.
Қазақстанда қазіргі таңда 18 конфессияның мүдделерін білдіретін үш жарым мыңнан астам діни субъектілері ресми түрде тіркелген. Осындай діни саналуандық жағдайында дін саласындағы негізгі үдерістер мен үрдістерді елеп-екшейтін мемлекеттік саясатты жаңадан ой елегінен өткізудікүн тәртібіне қойып отыр. Осы тұрғыда, Министрікпен әзірленген және таяда Елбасы жарлығымен бекітілген Дін саласындағы мемлекеттік саясаттың 2017-2020 жылдарға арналған тұжырымдамасының маңызы зор.
Дін саласындағы мемлекеттік саясатты қазіргі жаһандық үдерістер мен уақыт талабына сай қайта толықтыру мен жетілдіру мемлекетіміздің ішкі және сыртқы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік берері анық.
Тұжырымдамадін саласындағы мемлекеттік саясаттың негізін құрайтын дінаралық келісімнің қазақстандық моделіне сүйене отырып, дін саласын реттеу мен жетілдіруді көздеп әзірленген.
Жалпы, Тұжырымдаманы әлемде қалыптасып отырған геосаяси жағдайларды, ішкі және сыртқы қауіптерді ескере отырып Қазақстанның қауіпсіздігі мен тұрақтылығын нығайтуға негізделген кешенді құжат деп қабылдауымыз қажет.
Тышхан Кеңшілік
теолог
Ұлт порталы