Қазіргі таңда түзету мекемесінде жазасын өтеушілер арасында шағын және орта кәсіпті игеру, дамыту жұмыстары ерекше жүретіні белгілі. Себебі түзету мекемесіндегі азаматтарды одан кейінгі өмірге бейімдеу, бостандыққа шықаннан кейінгі қалыпты өмірге енуі үшін жасалатын әрекеттер. Осындай шараларды қолға алу мақсатында Ақтөбе облысында түзету мекемелеріндегі шағын және орта бизнесті дамыту мәселелері қаралды, - деп хабарлайды «Ұлт ақпарат».
Өндірістік аймақтық жұмысымен танысқан облыс әкімінің орынбасары Руслан Қамбаров қауіпсіздігі орташа КА-168/2 түзету мекемесінде шағын және орта бизнесті дамытуға кедергі бар екенін атап өтті.
Сонымен қатар, осы мекемеде өз кәсібін үйреніп, дөңгелетіп бастаған Айдос Азаматұлы бүгінде он саусағынан бал тамған нағыз шеберге айналған. Ол небәрі екі жылдың ішінде күмістен әшекей бұйымдар соғып, авторлық әшекейлер жасап жүр. Бұл туралы өзі былайды дейді:
«Өмірде «жаңылмайтын жақ, сүрінбейтін тұяқ болмайды». Жас болдық, білместікпен қате бастық. Бірақ өмір мұнымен бітіп қалған жоқ. осы жерден жарық күнге аман-есен шыққан соң күн көретін кәсіптің керегі сөзсіз. Адал өмір сүру үшін адал еңбек ету керек. Менің анам мен төрт қарындасым бар. алғашқыда соларға деген сағынышпен қыз-келіншектерге арналған әшекейлер жасауға қызыққанмын. Қазір оны шағын кәсіпке айналдырдым. Бұйырса, алдағы өмірім осы әшекейлер сияқты әсем де жарқын болатынына сенемін», - деді ол.
Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Руслан Қамбаров, облыс прокурорының орынбасары Ғалымжан Тілеубаев және «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының және «Еңбек» РМК филиалының өкілдері КА-168/2 түзеу мекемесінің өндірістік аймағын аралады.
Мекемемен танысушылар темір-бетон учаскесін, тігін, механикалық цех, ағаш өңдеу цехы, наубайхана мен мекеменің басқа да жұмыс істеп тұрған нысандарын қарады. Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментінің бастығы Алмас Шәмишев бос тұрған өндірістік ғимараттар мен үй-жайлардың құқығын белгілейтін құжаттары мен техникалық құжатының жоқ екенін атап өтті. Бұл шағын және орта бизнес субъектілерін тартуға, мекеме аумағындағы өндірістік қуатты арттыру және сотталғандарды жұмыспен қамтуға кедергі келтіріп отыр.
«Сотталғандарды еңбекке араластыру түзеу мекемелері міндеттерінің бірі болып табылады. Қазіргі уақытта Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты КА-168/2 түзеу мекемесінің аумағында еңбекке қабілетті сотталғандардың 68,6 % жұмыс істеп жүр. Жазасын өтеушілер жалақысын отбасына жібереді және сотпен тағайындалған талап-арыздарды өтейді», - деді Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментінің бастығы Алмас Шәмишев.
Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Руслан Қамбаров басқарма басшыларына проблемалық мәселелер бойынша жазбаша ұсыныс енгізу туралы жеке тапсырма берді.
Айта кетейік, Ақтөбе облысында төрт түзету мекемесі жұмыс істейді. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық атқару-жүйесі комитетінің «КА-168/1 мекемесі» республикалық мемлекеттік мекемесі, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық атқару-жүйесі комитетінің «КА-168/2 мекемесі» республикалық мемлекеттік мекемесі, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық атқару-жүйесі комитетінің «КА-168/3 мекемесі» республикалық мемлекеттік мекемесі және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық атқару-жүйесі комитетінің «КА-168/5 мекемесі» республикалық мемлекеттік мекемесі.
Естеріңізге сала кетейік, Ақтөбе облысында түзету мекемелеріндегі шағын және орта бизнесті дамыту мәселелері қаралды. Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Руслан Қамбаров, облыс прокурорының орынбасары Ғалымжан Тілеубаев және «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының және «Еңбек» РМК филиалының өкілдері КА-168/2 түзеу мекемесінің өндірістік аймағын аралады. Мекемемен танысушылар темір-бетон учаскесін, тігін, механикалық цех, ағаш өңдеу цехы, наубайхана мен мекеменің басқа да жұмыс істеп тұрған нысандарын қарады.