26 қаз, 2022 сағат 11:34

Түркиядан Қазақстанға 28 келіден аса зергерлік бұйым әкелмек болғандар ұсталды


ҚМА Астана қаласы бойынша департаментінің қызметкерлері елорданың халықаралық әуежайында Ыстамбұлдан Қазақстанға салмағы 28 келіден асатын 7178 контрабандалық зергерлік бұйымдарды әкелмек болған азаматты ұстады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Бұл факт Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізуге шектелген тауарларды, заттар мен құндылықтарды өткізу ережелеріне қайшы келеді, олар үшін өткізудің арнайы ережелері белгіленген. 

Мамандардың айтуынша, декларацияланбаған «зергерлік бұйымдардың» жалпы кедендік құны 560 миллион теңгеден асты. Экономикалық контрабанда фактісі бойынша қылмыстық іс сотқа жолданды" - делінген хабарламада.