Фото: aikyn.kz
Түркияда Ыстамбұл Бас прокуратурасы бұрын есірткі пайдаланғаны үшін істі болған бірқатар танымал тұлғаларға қарсы жедел операция бастады, деп хабарлайды Ult.kz.
"Он тоғыз адам айғақ беру және қан үлгілерін алу үшін провинциялық жандармерия штабына жеткізілді", - делінген хабарламада.
Олардың арасында «Евровидении-2009» байқауына қатысқан әнші Хадисе, «Сүлеймен Сұлтан» телесериалында ойнаған актриса Беррак Тюзюнатач, «Қызыл бутон» фильмі арқылы көрерменге таныс актер Мерт Языджыоглу және «Шүкір» сериалында рөл сомдаған Құбылай Ака бар.
Айта кетейік, қазақстандық танымал тұлғалардың арасында да есірткі қылмысына қатысты сотталғандары бар.
Еске салсақ есірткі сақтады деген күдікпен Қаракесек есімімен танымал рэпер ұсталған болатын. Бұған дейін Mad Men тобының мүшелері есірткі өндіріп, таратқаны үшін сотталып, жазасын өтеп жатыр.
