11 қыр, 2019 сағат 09:39

Түркістандағы жарылыс: Нақты қанша адамның жапа шеккені мәлім болды

Түркістан қаласында орналасқан «Royal Grand» қонақүйінде болған өрт салдарынан зардап шеккендер саны 11 адамға жетті, деп хабарлайды "Ұлт апарат".

«10 қыркүйек күні Түркістан қаласында орналасқан »Royal Grand« қонақүйінде орын алған өрт салдарынан барлығы 11 адам зардап шеккен. 6 өрт сөндіру қызметкері медициналық көмекке жүгінген. 3 полиция қызметкері және 2 қала тұрғынына медициналық жәрдем көрсетілген. Орталық қалалық ауруханаға 5 зардап шегуші жеткізілді. Олардың төртеуі жатқызылып, бір азамат қайтарылды. Жарақат бекетіне 3 адам тасымалданды. Оқиға орнында полицейлер мен ТЖҚ қызметкерлері жұмыс жасауда» делінген хабарламада.

Айта кетейік, кеше оқиға салдарынан жапа шекен 10 адамға медициналық көмек көрсетілгенін жазған болатынбыз.

Мәліметке сай, қазіргі таңда Түркістан облысының полицейлері болған оқиғаның толық мән-жайын анықтауда. Сараптамалар тағайындалды. Алдын ала мәлімет бойынша, қонак үй артында газ кұйғыш цистерна болған. Зил автокөлігімен газ толықтыру барысында өрт шығып, соңында жарылған.

«Түркістан қаласында орналасқан «Royal Grand» қонақүйінде өрт шықты. Ең бастысы, адам шығыны жоқ. Тілсіз жаудың орын алуына газ  цистернасының жарылуы себеп болған», - дейді облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департамент басшысы Нұрғали Жүнісов.

Алдын ала берілген мәліметтерге сүйенсек, өрт 3 тонналық газ цестернасын толтыру кезінде шыққан. Өрттің көлемі 1400 шаршы метр. Өрт туралы мәлімет 18:05-да түскен. Қонақүй ішінде мейманхана, асхана орналасқан.