Фото: Түркістан облысы ТЖД баспасөз қызметі
Түркістан облысында бес күн бұрын жоғалып кеткен 11 жастағы қыз өлі табылды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"2023 жылғы 30 наурызда сағат 10:10-да Арыс-Түркістан суару каналынанда оқиға орнынан 11 шақырым жерде Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушылары жоғалып кеткен қыздың мәйітін судан тауып алып, шығарды", - делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, 25 наурызда сағат 17:00 шамасында кәмелет жасына толмаған қыз үйінен ойнауға шығып кетіп, қайтып оралмаған.
Іздестіру-құтқару жұмыстарына 139 адам мен 16 техника, оның ішінде Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің квадрокоптері мен жүзу қайығы, Полиция департаменті, жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері жұмылдырылды.