01 қаз, 2022 сағат 16:49

Түркістанда ұлттық тағамдар гастро-фестивалі өтіп жатыр


Түркістан қаласында алғаш рет «GASTRO FEST TURKISTAN – 2022» атты ауқымды гастрономиялық фестиваль басталды, деп хабарлайды «Ұлт ақапарат» Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Шараның негізгі мақсаты – қазақтың ұлттық тағамдарын насихаттау, туристер үшін еліміздің қонақжайлығын көрсету. Аталған іс-шараны, Түркістан облысының Туризм басқармасына қарасты «Open Turkistan» туристік ақпараттық орталығы ұйымдастырып отыр.

Фестиваль аясында қаланың үздік мейрамханалары мен дәмханалары ұлттық тағамдар мен стрит-фуд дәмділерін әзірлемек. Сағат 16:00-де марапаттау рәсімі өтеді деп жоспарлануда.

Ұлттық тағамдарды ұлықтаған шара концерттік бағдарламалар мен қызықты ойындарға ұласпақ. Шара аясында жылдам тамақтану бойынша конкурстар, жергілікті аспаздардың шеберлік сыныптары және тағы басқа думанды іс-шаралар өтеді.

Думанды шара кешкі 20:00-ге дейін жалғасады.