13 қаң, 2020 сағат 17:57

Түркістанда бес адамның өліміне себепкер жүргізуші 5 жылға сотталды

Түркістан облысында жол апатын жасап, 5 адамның өліміне себепкер болған жүргізуші сотталды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Қазығұрт аудандық сотының үкімімен айыпталушы 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ 7 жылға көлік тізгіндеу құқығы шектелді.

«Жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша төмен мекемесінде өтейтін болады. Сондай-ақ, сотталушы тарапынан сот сараптамаларын жүргізуге жұмсалған 148 816 теңге және жәбірленушілерге материалдық және моральдық шығындар өндірілсін», - деді сотта судья Ильяс Тоғызбаев.

Айта кетейік, аталған жол апаты өткен жылдың 16 шілдесінде Алматы-Термез тасжолының 781-шақырымында болды. Жол-көлік оқиғасы салдарынан 5 адам қаза тауып, тағы 1 адам дене жарақатын алды. Артынша жүргізушіге қатысты ҚР ҚК-нің 345-бабы 4-бөлігімен іс қозғалды. Сот барысында жүргізуш өзінің кінәсін мойындамағанымен, сот оны ақтау туралы ұсынысты қанағаттандырусыз қалдырды. Ал, КамАЗ автокөлігінің жүргізушісі әкімшілік жауапкершілікке тартылып, айыппұл салынды.