Түркістан қаласындағы «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі уақытша келушілер үшін өз жұмысын уақытша тоқтатады.
Бұл шаралар коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу шаралары аясында қолға алынып отыр, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Музейдің баспасөз қызметінің мәліметінше, ағымдағы жылдың 16 наурызынан бастап Қожа Ахмет Ясауи, Рәбия Сұлтан бегім кесенесі, Сауран қалашығы, Үкаша ата, Әлқожа ата, Гаухар ана кесенелері мен Күлтөбе қалашығына келушілер үшін де уақытша шектеу қойылады. Зиярат орындарының нақты қашан ашылатыны әзірге белгісіз болып тұр.