07 ақп, 2023 сағат 16:54

Түркістан облысында жоғары лауазымды полицей ұсталды

Фото: Tengrinews.kz

Түркістан облысы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Сауран аудандық полиция бөлімі бастығының бұрынғы орынбасары - полиция полковнигіне қатысты соталды тергеуді бастады, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Антикордың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Ол полиция бөлімінде алаяқтық дерегі бойынша тергеліп жатқан тұлғаларды қылмыстық жауаптылыққа тартуға және іс бойынша залалды өтеуге жәрдемдесу үшін алаяқтық жолмен 1 миллион теңге мөлшерінде ақша алды деген күдікке ілінді", - делінген ведомство хабарламасында.

Кінәсін толық мойындауына және келтірілген залалды өтеуіне байланысты тергеу соты санкциясымен лауазымды тұлғаға "үйқамақ" бұлтартпау шарасы тағайындалған.

Соталды тергеу жалғасып жатыр. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сай жария етуге жатпайды.