Түркістан облысы Сайрам ауданы, Көлкент ауылының тұрғыны Карима Ырысдәулетова үш қызды өмірге әкелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бұл - 23 жастағы Карима Ырысдәулетованың тұңғыш сәбилері. Жас ана №2 облыстық перинаталдық орталықта босанды. Мерзіміне жетпей толғағы басталғандықтан білікті дәрігерлердің қатысуымен ота жасалып, ол сәтті өтті.
Қазір жас ананың жағдайы жақсы. Шақалақтардың да денсаулығы қалыпты.
Қыздарға Раяна, Разия, Райхана есімі берілді. Олар перинаталдық орталық дәрігерлерінің бақылауына алынған.