Фото: Polisia.kz
Түркістан облысының полицейлері бопсалау қылмысына қатысы бар азаматты “ізін суытпай” ұстады, – деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Polisia.kz медиа-порталына сілтеме жасап.
"Түркістан облысы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Шымкент – Самара тас жолы бойында қомақты қаржы бопсалап, автокөлікті заңсыз иемденген күдіктіні ұстады.
Күдікті – бұған дейін тонау мен заңсыз қару сақтағаны үшін сотталған Түркістан қаласының 28 жастағы тұрғыны. Ол құрылыс жұмыстарымен айналысатын танысынан 1 миллион теңге көлемінде ақша бопсалап, оның BMW автокөлігін заңсыз иемденгені анықталды.
Қазіргі уақытта полицейлер ҚР ҚК-нің 194-бабы (Қорқытып алу) фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Күдікті қамауға алынды" - делінген хабарламада.
Оқиғаның толық мән-жайы, сондай-ақ ер адамның осыған ұқсас басқа да қылмысқа қатысы бар-жоғы анықталады.