27 мау, 2022 сағат 21:55

Түркістан облысында суға кеткен шетелдік студенттерді тікұшақпен іздеп жатыр


Төле би ауданындағы Ақсу өзеніне батып кеткен үндістандық екі азаматты 58 адам іздестіріп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазіргі таңда ТЖД-дан 26 құтқарушы, полициядан 17 қызметкер, жергілікті атқарушы органдардан 15 адам жұмылдырылған. 

«Ақсу өзенінің ағысының қатты екенін, сонымен қатар шатқалдың тік болуын ескере отырып Төтенше жағдайлар министрлігінің «ҚазАвиа» құтқару мекемесінен тікұшақ тартылды», - деді Түркістан облысы ТЖД бастығы Нұрғали Жүнісов. 

Айта кетейік, 26 маусым күні сағат 20.10-да Түркістан облысы ТЖД кезекші-диспетчерлік қызметінің пультіне Төле би ауданының Ханарық ауылынан 5 шақырым жерде орналасқан Ақсу шатқалындағы Ақсу өзенінде 2001 жылғы 2 студенттің белгісіз жағдайда суға түсіп, батып кеткені туралы ақпарат түскен болатын. 

21 студенттен құралған топ Шымкент қаласынан келген. Барлығы - Оңтүстік Қазақстан медицина академиясында оқитын Үндістан азаматтары.