Түркістан облысында экономиканың негізгі көрсеткіші
– жалпы өңірлік өнеркәсіп өнімінің көлемі 534 млрд. теңгені құрап, 2021 жылдың
тиісті кезеңімен салыстырғанда 125 млрд. теңгеге өскен. Түркістан облысының 2022
жылдың 8 айында облыстың өнеркәсіп әлеуетін дамыту мақсатында жалпы құны 12
млрд. 700 млн. теңгеге 26 инвестициялық жоба іске қосылып, 936 жұмыс орны
ашылды. Облыс үшін маңызды ірі жобаларды іске асыруды жоспарланып отыр. Атап
айтқанда, каустикалық сода, ПВХ, карбид кальций, цемент өндіретін, 5 класты
мотор майы мен мұнай өнімдерін өндіретін және фосфорит өңдеу зауыты іске
қосылады.
Ауыл шаруашылығы саласында 477 млрд. теңгенің өнімі
өндіріліп, өткен жылмен салыстырғанда 4%-ға артты. Егістікті әртараптандырудың
нәтижесінде көкөніс, бақша, картоп өнімдерінен 3 млн. тонна өнім жиналды.
Елімізде салынған жылыжайлардың 71% облысқа тиесілі. Жаңадан 85 гектарға жылыжайлар
салынып, жалпы көлемі 1 552 гектарды құрады.
Мал басына қажетті азық 100% жиналып 4 млн. тоннаны
құрап, жалпы қыстату науқанына 5 млн. тонна мал азығы жиналады. Түркістан
аумағын ағын сумен қамтамасыз ету мақсатында бірқатар су нысандарының
құрылыс-жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жоспарланған шараларды іске асыру
нәтижесінде жыл қорытындысымен ауыл шаруашылығы жалпы өнім көлемі 1 трлн.
теңгеге жеткізілетін болады.
Құрылыс жұмыстарының көлемі 169 млрд. теңгені құрап,
9%-ға өссе, жыл басынан 486 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп,
34%-ға артқан. «Қуатты өңірлер-ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы аясында жыл
соңына дейін жалпы 85 тұрғын үйдің құрылысын аяқтау жоспарлануда (5 229 пәтер,
328,3 мың м2).
Бюджет есебінен 59 мектептің құрылысы жүргізіліп жатқанын,
нәтижесінде биыл 4 апатты және 2 үш ауысымды мектептің мәселесі шешілетінін
баяндады. Бұдан бөлек, жеке инвесторлармен 13 мектеп пайдалануға беріледі. Аз
қамтамасыз етілген отбасылардың 53 мыңға жуық балаға мектеп формасы мен
кеңселік тауарларын сатып алуға жергілікті бюджеттен 2 млрд.теңге бөлінген.
Жыл басынан экономикаға 338 млрд. теңгеге жуық
инвестиция бағытталып, 2%-ға артты. Жеке инвесторлар есебінен жүзеге 10 жобаны
іске қосу жоспарланса, бүгінгі күнге құны 4 млрд. теңгені құрайтын 4 инвестициялық
жоба іске қосылып, 128 жаңа жұмыс орны ашылды.
Түркістан қаласын түркі әлемінің мәдени-рухани орталығы ретінде қалыптастыру жұмыстарының екінші кезеңі жүргізіліп жатқанын жеткізді. Түркістанды дамытуға 1,3 трлн. теңге инвестиция тартылады деп күтілуде. Оның 1 трлн. теңгесі немесе 77% жеке инвестициялар.