Фото: stockphoto.com
Түркістан облысында Мемлекет басшысының кортежінің жүру бағытын тексеру кезінде ІІМ, ҰҚК қызметкерлері МКҚ-мен бірлесіп жасырылған қару-жарағын тапты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Қазіргі уақытта барлық мән-жайды анықтау және күдікті адамдарды ұстау бойынша қажетті жедел-іздестіру және тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр.
Тергеу мүддесі үшін басқа ақпарат жария етілмейді.