Фото: freepik.com
Түркістан облысында лауазымды тұлғалар ұсталды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" облыс прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Түркістан облысының прокуратурасы Төлеби ауданы әкімдігінің лауазымды тұлғаларына қатысты ауданның арнайы жер қорындағы жерлерді заңсыз актілерді рәсімдеу арқылы аса ірі мөлшерде алаяқтықпен иелену дерегі бойынша соталды тергеп-тексеру бастады", - делінген хабарламада.
Атап айтқанда, қылмыстық іс бойынша ауданның Жер қатынастары бөлімінің басшысы, өзінің қызмет бабын пайдалана отырып, осы бөлімнің бұрынғы басшысымен алдын ала сөз байласу арқылы нарықтық құны 326 миллион теңге болатын 200 гектардан аса құнарлы жер учаскелерін заңсыз рәсімдегені бойынша күдікке ілінген.
"Түркістан облысының сотқа дейінгі тергеп-тексеру басқармасымен күдікті тұлғалар уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Қазіргі уақытта аталған қылмысқа басқа да тұлғалардың қатыстылығын анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр" - делінген хабарламада.