Сурет: pixabay
Түркістан облысында кәмелетке толмаған қыздарға қатысты заңсыз әрекет жасады деген күдікті балабақшада жұмыс істеген.
"Ол жекеменшік балабақшада күзетші болып жұмыс істеген. Оқиғадан кейін хаттама толтырылып, бірден жұмыстан шығарылды", - деп хабарлады Түркістан облысы білім басқармасының баспасөз қызметі.
Ведомство мәліметінше, кәмелетке толмаған балаларды зорлау ісі облыстық білім басқармасының бақылауында.
"Қыздың анасы аудандық полиция бөліміне хабарласқан. Білім беру саласының өкілдері және психологиялық мамандармен тікелей жұмыс жүргізіліп жатыр. Оқиға жазғы демалыс кезінде болған. Қазір тиісті сараптамалар жүргізіліп жатыр. Бүгін облыстық бала құқықтары жөніндегі уәкіл оқушылар мен ата-аналарға психологиялық-құқықтық қолдау көрсету бойынша іс-шаралар жүргізді.
Осы факт бойынша Отырар ПБ Қылмыстық кодекстің 120-бабы 4-бөлігі бойынша соталды тергеу амалдарын бастады", - деді Түркістан облысы білім басқармасының баспасөз қызметі өкілдері.
Еске салайық, Отырар ауданындағы жантүршігерлік оқиға бейсенбіде белгілі болды. Балаларды зорлады деген күдікпен 33 жастағы ер адам ұсталды. Полиция тергеу құпиясын алға тартып, оның жеке мәліметтерін жария етпеді.