12 там, 2024 сағат 14:03

Түркістан облысында ер адам екі мүгедек жанды сатып жатқан жерінен ұсталды


© Photo : Steve Buissinne


Түркістан облысында адам саудасымен айналысқан азамат ұсталды, деп хабарлады облыстық прокуратура.


Прокуратураның мәліметінше полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында "Ш" есімді азамат адам саудасы үшін 400 мың теңге алу барысында ұсталған.


"Атап айтқанда, "Ш" есімді азамат соңғы 2 жыл бойы мүмкіндігі шектеулі екі азаматты қайыршылық жасауға мәжбүрлеп, оларды Шымкент қаласында сату кезінде ұсталып, қамауға алынды", - делінген хабарламада.


Сонымен қатар құзырлы органдар тағы 10 азаматтың адам саудасына қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр.

Қазіргі таңда адам саудасы фактісі бойынша тергеп-тексеру жүргізілуде, өзге ақпарат ҚПК 201-бабының талаптарына сай жария етілмейді.