Түркістан облысында екі бала шұңқыр суына батып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz агенттігі Otyrar.kz сайтына сілтеме жасап.
Қайғылы оқиға Түркістан облысы Бәйдібек ауданы Шалдар ауылынан 5 шақырым жерде болған.
Куәгерлердің айтуынша, оқушылар үнемі шұңқыр маңында ойнайды екен. 2012 жылы туған бала шомылғысы келіп, суға секірген. Оның батып бара жатқанын көрген екінші бала көмекке жүгірген. Екеуі де өздігінен шыға алмай, суға батып кеткен. Бұл жағдай басқа балалардың көз алдында болған.
"Жасанды шұңқыр карьер суымен толыққан, ені 20 метр, ұзындығы 50 метр, тереңдігі 2 метр болады. Жергілікті тұрғындар 2012 жылы туған екі баланың денесін судан алып шықты. Олар шомылуға арналмаған жерде суға түскен. Балалар шамамен 17.30-да батып кеткен. Оқушыларды іздеуге Төтенше жағдай департаментінің 4 қызметкері, 1 техникасы, Полиция департаментінің 20 қызметкері және 6 техникасы, жергілікті тұрғындар, балалардың туыстары жұмылдырылды", - деді Түркістан облысы ТЖД баспасөз қызметі өкілі.
Осыған ұқсас жазатайым оқиға ай басында Шымкенттегі "Қайтпас" шағынауданында болған еді. Онда 2007 жылы туған жасөспірім 2 метр карьер суына батып кеткен болатын.
752 рет оқылды