03 мам, 2022 сағат 17:03

Түркістан облысында Қонаевқа ескерткіш орнатылды


Түркістан облысы, Төлеби ауданының Сарқырама елдімекенінде ғұлама ғалым, академик Дінмұхаммед Қонаевқа ескерткіш орнатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сондай-ақ мүсін орнатылған көшеге заңғар тұлғаның есімі берілді.

Алқалы жиынға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Дархан Мыңбай, Түркістан облысының құрметті азаматтары Әбдіжаппар Оңалбаев, Исмат Тұрсынқұлов, Шәріпбек Жамалбек қатысып, кемеңгер тұлғаның өмір жолы жайында баяндады. 

Түркістан облысы Қоғамдық кеңесінің төрағасы Байділдә Жылқышиев, мемлекет қайраткері Асқар Мырзахметов, Оңтүстік Қазақстан облысының құрметті азаматы Әбілқасым Досболов, аудан әкімі Төлеген Телғараев ескерткішке гүл шоқтарын қойып, тағзым етті. 

Айта кетейік, Д.Қонаевтың 110 жылдығына арналған ескерткіш ел азаматтарының ұйытқы болуымен демеушілік қаржыға жасалды. Қоладан құйылған, жалпы биіктігі 5 метрді құрайды.